Жаңалықтар

Мемлекеттік тіл – сот билігінің беделі мен сенімінің негізі

Қазіргі құқықтық мемлекет жағдайында сот билігінің беделі мен қоғам сенімі – әділ сот төрелігінің тиімділігін айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі.

Осы тұрғыдан алғанда мемлекеттік тілдің сот өндірісіндегі орны мен рөлі ерекше маңызға ие. Мемлекеттік тілдің кеңінен және сапалы қолданылуы – сот жүйесінің ашықтығын, қолжетімділігін және заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі.

Мемлекеттік тілдің сот ісін жүргізуде толыққанды қолданылуы азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыруға, сот төрелігіне тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге және құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етеді. Сот актілерінің, процессуалдық құжаттардың және ресми ақпараттың мемлекеттік тілде сауатты әрі түсінікті дайындалуы сот билігінің кәсібилігін көрсетеді.
Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің сот жүйесінде кеңінен қолданылуы қоғам мен сот билігі арасындағы байланысты нығайтады. Азаматтар сот актілерін ана тілінде қабылдап, олардың мазмұнын еркін түсінген жағдайда, сот төрелігіне деген сенім деңгейі артады. Бұл өз кезегінде құқықтық мемлекет қағидаттарының орнығуына және заң үстемдігінің нығаюына оң әсер етеді.


Әбітай Ақтанберді, 
Жамбыл облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық соты әкімшісінің сот приставы