Жаңалықтар

Елімізде Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жолаушылар тасымалы сұранысы жоғары бағыттарға қосымша тіркемелі вагондар тағайындайды, деп хабарлайды arainfo.kz

8 наурыз мерекесіне орай жалпы саны 122 тіркемелі вагон қосылып, шамамен 6 мыңға жуық жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік береді. Қосымша вагондар солтүстік, оңтүстік және батыс өңірлерге, сондай-ақ қала маңы бағыттарына енгізіледі. Атап айтқанда, Астанадан Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен және өзге де қалаларға қатынайтын пойыздарға тіркемелі вагондар тіркеледі.

Сонымен қатар, Наурыз мейрамы кезеңінде жолаушылар ағынының артуына байланысты компания 20 рейске үш қосымша пойыз тағайындайды. Бұдан бөлек, сұранысы жоғары бағыттарда қатынайтын қолданыстағы пойыздар құрамына 230 қосымша тіркеме вагон қосылады. Нәтижесінде жолаушыларға 35 мың қосымша орын ұсынылады. Бұл шаралар мереке күндері билет қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Қосымша пойыздар қозғалысы:

№201/202 «Алматы-2 – Астана-1»
• Алматы-2 станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз;
• Астана-1 станциясынан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурыз.
Барлығы — 6 рейс.

№204/203 «Астана Нұрлы жол – Шымкент»
• Нұрлы жол станциясынан: 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурыз;
• Шымкент станциясынан: 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурыз.
Барлығы — 8 рейс.

№205/206 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол»
• Ақтөбе станциясынан: 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурыз;
• Нұрлы жол станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.
Барлығы — 6 рейс.

Жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлау ұсынылады. Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 байланыс орталығы арқылы алуға болады, ал пойыз қозғалысы туралы мәліметтер tablo-railways.kz онлайн таблосында қолжетімді.