Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Рамазан айының басталуына байланысты қазақстандық мұсылмандарға үндеу жасады, деп хабарлайды arainfo.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Рамазан – жүзіндегі миллиардтаған жанды рухани тазаруға, жақынына жанашыр әрі қамқор болуға үндейтін мезгіл.
Білімге, тазалыққа және жақсылыққа бастайтын өркениетті қоғамда Рамазан айы жаңа рухани мәнге ие болып, барша жұртқа шапағатын тигізетіні сөзсіз.
👉🏻 Бізге жазыл | zakon.kz