ҰСТАЗДАР ҚҰРМЕТ ҚҰШАҒЫНДА
ҰСТАЗДАР ҚҰРМЕТ ҚҰШАҒЫНДА
Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында өткен жиын А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театры сахналаған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ұлағатын танытатын шағын қойылыммен ашылды. Бұдан соң аймақ басшысы білім саласындағы оң көрсеткіштерге тоқталып, мұғалімдерді мерекемен құттықтады. Облыс әкімінің айтуынша, білім саласын қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді. Биылғы жылы білім саласына облыс бюджетінің 53 пайызы бағытталған. Биыл 22 білім нысанын салуға 7 миллиард 600 мың теңге бөлініп, бүгінге дейін 13 мектеп пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін тағы 4 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар 4 миллиард 100 мың теңгеге 13 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтіпті. Ал 3 мектеп пен 2 балабақшада жөндеу жұмыстары жалғасуда. Саладағы оң өзгерістерге егжей-тегжейлі тоқталған аймақ басшысы бірқатар педагогтарды марапаттады. Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты.
«AR-AI»-ақпарат
Ұстаздар күні қарсаңында редакциямызға шығармашылық жұмыстарын жолдаған оқырмандарымыздың қатары көбейе түсті. Осы орайда белгілі сазгер, ақын Бақытжан Әліқұловтың ұстаздарға арнаған жүрекжарды өлеңін оқырман назарына ұсынып отырмыз. Орны бөлек ұстаздыңОрны бөлек ұстаздың бұл өмірде, Жетелеген шәкіртін гүл өңірге. Еңбегімен есімі ешқашан да, Ұмытылмай тұрады жүрегімде. Орны биік ұстаздың бұл өмірде, Тілекшім де ұстазым, тірегім де, Егер жарық бермесе білімменен, Қалар ем сауатсыздық түнегінде. Баға жетпес ұстазға бұл жалғанда, Бағыттайтын шәкіртін нұрлы арманға. Үйретуден, демеуден жалықпайды, Үйренуге талпынып жүрген жанға. Дүниені біліммен өрнектеген, Өлшеусіз ғой ұстаздық еңбек деген. Білетінім әйтеуір білім үшін, Мұғалімдер кемде-кем тер төкпеген. Түсінбестер оқуды «ермек» деген, Тәрбиесіз, білімсіз төрге өтпеген. Кездеспесем егерде жақсы ұстазға, Сыймас едім білімсіз жер-көкке мен. Ұстаз менің екінші ата-анамдай, Ұрысса да тұрушы ем қапаланбай. Мектебімнен қайтушы ем ұстазымнан, Бағасымен қоса бір бата алғандай. Сол бағамен, батамен өрлеп келем, Сөз естимін бұл күнде «төрлет» деген. Алғыс айтып өтемін ұстазыма, Тәрбие мен білімге шөлдетпеген.