Бес жылдық белесті бағындырған телеарна
Өңірдің ақпарат айдыны 5 жыл бұрын тәулік бойы ақпарат тарататын «TARAZ24» телеарнасымен толыққан болатын. Қысқа уақыт ішінде көрермен сеніміне ие болып, аймақ медиасының маңызды ақпарат таратушысына айналған телеарна бес жылдық белесін толайым табыспен қарсы алып отыр.
Құрылған күннен бастап телеарна түрлі форматтағы бағдарламалар ұсынып, өңірдегі әлеуметтік-саяси оқиғалардың бел ортасынан табылып келеді. Тілшілер тікелей эфир мен әлеуметтік желілер арқылы соңғы әрі нақты ақпаратарды жедел таратып, аудитория сұранысына сай жұмыс істеуде.
Телеарна директоры Зарина Қуатованың айтуынша, журналистиканың қай саласы болмасын қызығушылық пен қиындыққа толы.
Телеарна осы уақытақа дейін талай жас журналистің қанатын қатайтып, шеберлігін шыңдады. Бүгінде сол жастар еліміздің өзге қалаларында да журналистік ортада жемісті еңбек етіп жүр.

«TARAZ24» телеарнасының ұжымын бес жылдық белесімен құттықтап, алдағы уақытта да мазмұнды хабарлар мен тағылымды телевизиялық жобаларымен көрерменін қуантып, абырой биігінен түспеулеріне тілектеспіз.
Сымбат ҚУАНЫШ