Зияткерлік ойынның іріктеу кезеңі басталды
Тараз қаласында шахматтан «Senat Open – 2026» кубогының 1/8 финалының облыстық іріктеу кезеңінің ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараға облыс әкімдігі денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Кәрібаев қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ал облыстық шахмат федерациясының төрағасы Әлібек Өтеулиев турнирдің мемлекеттік қызметкерлер арасындағы бірлікті нығайтудағы маңызын атап өтті.
Жарыс Фиде ережесіне сай, швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады. Турнирдің әділдігін қадағалап отырған бас төреші қатысушылардың деңгейіне жоғары баға беруде.
Қатысушылардың айтуынша, шахмат тақтасындағы тартыс қызметтегі жауапкершілікті одан әрі арттыра түседі.
Сайыс қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған 20 қызметкер іріктеліп, сәуір айында дәл осы Тараз төрінде өтетін 1/4 финалда бақ сынайтын болады.
Сымбат ҚУАНЫШ