Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров екіжақты кездесу барысында сауда-экономика, көлік-логистика және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Тараптар достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы мемлекетаралық байланыстарды одан әрі кеңейтуге өзара мүдделі екенін растады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформа туралы айтып, бұл жаңғырту шаралары мемлекеттің тұрақты дамуына және өркендеуіне негіз болатынын жеткізді. Өз кезегінде Садыр Жапаров Қазақстандағы ауқымды өзгерістерді қолдайтынын білдірді.

Мемлекеттер басшылары өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша ортақ ұстаным бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары сияқты халықаралық іс-шаралардың табысты ұйымдастырылуына тілектестік білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың ел бірлігін сақтау және қырғыз мемлекеттілігін нығайтуға бағытталған бастамаларын қолдайтынын жеткізді.