Жаңалықтар

Қазақстандағы ең қарт сотталушы бостандыққа шығуға дайындалып жатыр

Қазақстанда жазасын өтеп жатқан ең егде адам 84 жаста, деп хабарлайды arainfo.kz

Ол адам өлтіру дерегі бойынша сотталған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді.

Комитеттің дерегінше, аталған азамат 2027 жылы 85 жасқа толғанда бостандыққа шығуы тиіс.

Жалпы, еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 70 жастан асқан шамамен 100-ге жуық қария жазасын өтеп жатыр.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өкілінің айтуынша, жасы үлкен сотталғандар жазасын жалпы негізде өтейді. Қажет болған жағдайда оларға мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмектің көлемі аясында тиісті жәрдем көрсетіледі.