Онлайн автокөлік сатып алудың арты 16 млн теңгеге алаяқтық болып шықты
Екі қылмыскер өздерін шетелден көлік тасымалдайтын делдал ретінде таныстырып, көлік сатып алуға және өзге де шығындарға жәбірленушіні 16 млн теңге аударуға көндірген, деп хабарлайды arainfo.kz
Астана қаласында алаяқтар мессенджер арқылы ойдан шығарылған мәліметтерді пайдаланып, азаматтан автокөлік пен ақшаны алу әрекетін жасаған. Алайда, жәбірленуші ешқандай шығын алмады.
Сот үкімімен кінәлілерге 5 жыл және 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, жәбірленушінің залалды өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды.
Қала прокуратурасы алаяқтық үшін мүлікті тәркілеу арқылы 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертті.