Жамбыл облысында ірі кен өндіруші компания салықтан жалтарған
Жамбыл облысы аумағындағы ірі кәсіпорындардың бірінде салық төлеуден жалтару фактісі анықталды, деп хабарлайды arainfo.kz
Прокурорлар ірі салық төлеушілердің қызметіне жүргізген талдау барысында пайдалы қазбаларды өндіруге маманданған кәсіпорынның салық міндеттемелерін төмендеткені белгілі болған. Компания бағалы қағаздар бойынша төлемдерді негізсіз ұлғайтып, оларды салықтық шегерімдерге енгізген.
Сондай-ақ кәсіпорынның жылдық табысы шығарылған облигациялар құнынан төмен болғаны анықталып, бұл корпоративтік табыс салығын төлеуден жалтару белгілерін көрсеткен.
Облыс прокуратурасының ұсынуымен салықтық тексеру жүргізіліп, заңбұзушылықтар расталды. Нәтижесінде мемлекет бюджетіне 1,1 млрд теңге өндірілді.