Жамбыл және Түркістан облысында жолдардың бір бөлігі қайта ашылды
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz
2026 жылғы 13 ақпан сағат 10:30-дан бастап республикалық маңызы бар автожолдың бірқатар учаскелерінде жеңіл автокөліктер қозғалысына рұқсат берілді.
Атап айтқанда, Жамбыл облысы аумағындағы 534-593 шақырым аралығы (Айша бибі ауылынан Түркістан облысы шекарасына дейін) және Түркістан облысы аумағындағы 593-654 шақырым аралығы (Жамбыл облысы шекарасынан Машат ауылына дейін) қайта ашылды.
Жүргізушілерге жолға шықпас бұрын 1403 байланыс орталығына хабарласып, жол жағдайы туралы нақты ақпарат алу ұсынылады.