Жаңалықтар

Қазақстандық колледж халықаралық аккредитациядан сәтті өтті

Халықаралық аккредитация колледждің білім беру сапасының әлемдік талаптарға сай екенін растап, түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды arainfo.kz

Жол-көлік колледжі Оңтүстік Корея Республикасының ABEEK аккредиттеу жүйесі аясында «Global Sapa» халықаралық академиясымен бірлесіп, халықаралық аккредитациядан өтті.

Аккредиттеу үдерісі бекітілген бағдарлама мен кестеге сәйкес бірнеше кезең бойынша, халықаралық сарапшылардың қатысуымен жүргізілді. Бағалау барысында оқу орнының білім беру жүйесінің құрылымы, басқару тетіктері, кадрлық әлеуеті, материалдық-техникалық базасы және нормативтік құжаттары жан-жақты сарапталды. Сондай-ақ білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларының халықаралық стандарттарға сәйкестігіне ерекше мән берілді.

Сапар барысында шетелдік сарапшылар колледждің оқу-өндірістік машықтандыру үдерісімен танысып, заманауи жабдықталған шеберханалар мен зертханаларда практикалық сабақтардың ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады.