Жаңалықтар

Жамбыл облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды

Қолайсыз ауа райына байланысты республикалық трассада жүк көліктеріне шектеу енгізілді, деп хабарлайды arainfo.kz

2026 жылғы 12 ақпан сағат 13:30-дан бастап ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар автожолдың бірқатар учаскелерінде жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

  • Атап айтқанда, «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының:
  • 238–476 шақырым аралығы (Тараз қаласы – Қайнар ауылы);
  • 476–534 шақырым аралығы (Тараз қаласының айналма жолы)
  • бөліктерінде жүк автокөліктерінің қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Жол қозғалысын 2026 жылғы 13 ақпан сағат 10:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Жүргізушілерден жолға шықпас бұрын ауа райы жағдайын ескеріп, ресми ақпарат көздерін қадағалау сұралады.