Көктемгі сын сағаты: 178 мың тұрғын қауіп аймағында
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 34 елді мекендегі қауіп жойылып, 2 ауылда тәуекел деңгейі төмендетілді, деп хабарлайды arainfo.kz
«Шоң-Қақпа» су қоймасына байланысты Талас өзенінің жағалауы бекітіліп, 8 қауіпті учаске күшейтілді. Каналдар тазартылып, көпірлер ауыстырылды.
Төтенше жағдайға 396 эвакуациялық пункт дайын. 1900-ден астам маман мен 480-нен аса техника жұмылдырылған.

Дегенмен, кейбір су қоймаларын реконструкциялау жұмыстары әлі басталмаған.
Қазір өзендердегі су деңгейі тұрақты. Жағдай бақылауда.