Жамбыл жаңалықтары

ЖАҢА ЫҚШАМАУДАННЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

ЖАҢА ЫҚШАМАУДАННЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте Тараз қаласындағы 14 және 15-ықшамаудандардың мәселесі талқыланды. №14-ықшамауданның құрылысы бойынша жобаның 3 түрлі нұсқасы ұсынылды. Олар бұған дейін жүргізілген инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілеріне сәйкестендірілгендігі айтылды.

Ұсынылған жобалар бойынша жаңа ауданның аумағы 100 гектардан асады. Онда көпқабатты тұрғын үйлермен қатар, онкологиялық диспансер, IT лицей-интернаты, көпбейінді аурухана, оңалту орталығы, саябақ салу және тағы басқа нысандардың құрылысы жоспарланған. Облыс әкімі жауаптыларға бірінші нұсқа бойынша жобаны жетілдіруді тапсырды. Жаңа ықшамауданның коммерциялық аумақ ретінде қалыптасуына айрықша назар аудартты. Инфрақұрылымдық желілердің әлеуеті барынша ескеріліп, ирригациялық жүйелердің реттілігіне де баса мән беру керектігін жеткізді. Аймақ басшысы әлеуметтік нысандарды жоспардағы халықтың қажеттілігіне қарай салу маңыздылығын ескертті. Сондай-ақ басқосуда 15-ықшамаудандағы бірқатар мәселені шешу жолдары сараланды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі