Тіл оқыту курстарынан 4 671 адам тегін өтті
Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Қуаныш Дәурембековтың қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәслихатында орталықтың этнос өкілдеріне мемлекеттік тілді үйрету бағытында атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарлары кеңінен таныстырылды.
Спикер басқарма тарапынан тіл саясатын іске асырудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырамдамасы аясында тіл үйрену мүмкіндіктерін ұсыну, мемлекеттік тілге қатысты ынталандыру іс-шараларын үйлестіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Сонымен қатар мемлекеттік тілді оқытудың 2026 жылға арналған жол картасы 4 273 адам болып бекітілген. Есепті мерзімде тіл оқыту курстарынан 1 093 адам өтсе, оның ішінде қазақ тілі курсына 958 тыңдаушы, ағылшын тілі курсына 135 адам тартылыпты.
Сондай-ақ биыл «Face ID» жүйесін жүргізу қызметтеріне техникалық қолдау көрсету үшін облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып, бүгінде мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Сымбат ҚУАНЫШ