Әлеумет

Қоғаммен ашық пікір алмасуды жалғастыру керек

Кеше облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Алтай Әлінің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының әділдік пен біртұтастыққа, заң мен тәртіпке негізделген ауқымды реформалары жан-жақты талқыланды.

Басқосуға басқарма басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Жиында Алтай Сембекұлы қоғамдағы жаңару үдерістерінің маңызын тілге тиек етіп, азаматтардың белсенділігі мен жауапкершілігіне ерекше назар аударды.

Облыс әкімінің орынбасары сөз соңында маңызды бастаманың мәнін халыққа жеткізу әрбір белсенді азаматтың ортақ ісіне айналуы қажеттігін айтты. Сондықтан тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, қоғаммен ашық пікір алмасуды жалғастыру маңызды екенін еске салды.

Ақтоты БЕКЕНҚЫЗЫ