Таразда ҚАЖ мекемесінде бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтті
Өрт – адамзаттың тілсіз жауы. Ал айтпай келетін осынау апаттан табиғат та, адам да, мемлекет те орасан зор зардап шегетіні сөзсіз. Демек, тілсіз жаудан сақтану, оның алдын алып, тосқауыл болу – баршамыздың міндетіміз.
Дәл осы мақсатта бүгін өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесінде төтеншеліктермен бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтті. Аталған түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлерінің өртке қарсы іс-әрекеттерінің әзірлігі пысықталған жиынға «Халық қаһарманы» Мейіржан Айманов атындағы Тараз қалалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өкілдері арнайы қатысты.

Жалпы, бұл жиынның негізгі мақсаты – ҚАЖ қызметкерлеріне өрт сөндіру әдістерін үйрету және өрт сөндіру кезіндегі іс-қимылды жақсарту бойынша практикалық жұмыстар жүргізу. Оқу-жаттығу жиыны барысында 2 өрт сөндіру автокөлігі, төтеншеліктер мен жеке құрам қызметкерлері жұмылдырылды. Олар өрт болып, қауіп төнген сәтте ғимарат ішінде қалған адамдарға эвакуациялау тәртібі түсіндіріп, нысаннан қауіпсіз әрі жылдам шығу жолдарын меңгерді.