Республикалық автожолдардағы жағдай қандай?
Бірқатар өңірлерде қар мен боран күтіледі, деп хабарлайды arainfo.kz
2026 жылғы 10 ақпанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Ұлытау, Абай, Жетісу, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарының кей жерлерінде қар жауып, боран соғады деп күтілуде.
Қолайсыз ауа райына байланысты жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде аса сақ болу ұсынылады. Атап айтқанда, жылдамдық режимін қатаң сақтап, көліктер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты ұстану және жолдағы ахуалды ескеру қажет.
Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы алуға болады.