Кішкентай датчик көпбалалы отбасыны үлкен қайғыдан қорғап қалды
СҚО-ның Есіл ауданындағы Явленка ауылында өрт хабарлағышы ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды arainfo.kz
Көпбалалы ана күндіз үйінде демалып жатқан сәтте өрт хабарлағышының өткір дыбысы естілген. Дабылға алаңдаған әйел жуынатын бөлмеге кіріп, қауіпті жағдайды байқайды.
Қысқа тұйықталу салдарынан су жылытқыштың қыздырғыш элементі балқып, бөлмені қою, ащы түтін баса бастаған. Кез келген сәтте өрт тұтанып, жалын бүкіл үйге таралуы мүмкін еді.
Өрт хабарлағышының уақытылы іске қосылуының арқасында әйел дер кезінде әрекет етіп, қауіпті жағдайдың алдын алған.
Мамандардың айтуынша, өрт хабарлағыштары тұрғын үйлерде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең тиімді құралдарының бірі болып қала береді.