Жаңалықтар

Нұрлан Сабуров соңғы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров әлеуметтік желіде өзіне қатысты қалыптасқан жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды arainfo.kz

Әзілкеш Instagram парақшасында бұл мәселеге қатысты пікір білдіруден бас тартатынын айтып, істің заң аясында қаралатынын жеткізді.

Сондай-ақ Сабуров шығармашылық жолына тоқталып, стендаптағы еңбек жолын шамамен 15 жыл бұрын Екатеринбург қаласында бастап, кейін Мәскеуде жалғастырғанын атап өтті. Осы уақыт ішінде Ресейдің көптеген қаласында өнер көрсетіп, көрерменнің жылы ықыласына бөленгенін айтты.

Бұған дейін Ресей билігі Нұрлан Сабуровтың ел аумағына 50 жылға дейін кіруіне тыйым салғаны хабарланған болатын.