Басты мақсат – сапалы білім мен тәрбие
Ұлттық құрылтай – ел дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайтын, қоғам мен мемлекет арасындағы ашық диалогты нығайтатын маңызды алаң. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай отырысында сөйлеген сөзінде білім беру саласын дамытуға ерекше назар аударылуы педагогикалық қауым үшін маңызды бағдар болып табылады.
Президент өз сөзінде білім сапасын арттыру, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие беру, мұғалім мәртебесін көтеру және білім беру жүйесін заман талабына сай жаңғырту мәселелерін нақты атап өтті. Бұл бағыттар – ұстаздар қауымына үлкен сенім мен жауапкершілік жүктейді.
Мектеп ұжымы ретінде біз құрылтайда көтерілген міндеттерді жүзеге асыруда оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттыруға, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, тәрбиенің ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделуіне ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Ұлттық мүдде мен заманауи талаптарды қатар ұстанған жағдайда ғана сапалы білім мен тәрбиенің нәтижесіне қол жеткізе аламыз. Сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету, заманауи педагогикалық технологияларды тиімді қолдану – ортақ міндетіміз.
Әдеміау АБИЕВА,
№2 Михаил Ломоносов атындағы
орта мектептің директоры,
Қордай ауданы