Жамбыл жаңалықтары

Ел дамуының негізі

Сәрсенбі күні облыс әкімі Ербол Қарашөкеев М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің ұжымымен кездесті. Жиында оқытушылар мен студенттерге қазіргі қолданыстағы Ата Заң мен енді өзгеріске түсетін баптардың мәні мен мазмұны түсіндірілді.

Жиынды ашқан Ербол Шырақпайұлы жаңа Конституция жобасының еліміз үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.

Басқосу ашық пікір алмасу форматында өтті. Көптің талқысына түсіп отырған басты құжаттың жобасына қатысты оқу орнының педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Айсұлу Тұрарова мен экономика және құқық факультеті деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ерлан Сарымбетов пікірлерін ортаға салды.

Айжан ӨЗБЕКОВА