Қазақстандық бірінші сынып оқушылары қосымша қысқы демалыста 7 күн демалады
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz
Еліміздің мектептерінде 2026 жылғы 8 қаңтардан бастап 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды.
1-сыныпта білім алушыларға 2026 жылғы 9-15 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша демалыс беріледі.