Жаңалықтар

ЖУАЛЫЛЫҚ ЖАСТАР ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

ЖУАЛЫЛЫҚ ЖАСТАР ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

«AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының жанынан құрылған ақпараттық топ мүшесі Ермек Абдиваитов №16-ы «Жуалы» колледжінің білімгерлерімен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттер туралы айтылды. Жолдауда айтылған бес басым бағдарда көрсетілген мәселелердің маңыздылығын түсіндіріп, Мемлекет басшысының бастамаларының халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін жақсартуға және еліміздің құқық қорғау саласын жетілдіруге бағытталып отырғандығын жеткізді. Жиын соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін айтты. Сонымен қатар, Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды іске асыру бағытындағы іс-шараларды атқаруға атсалысып, бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.