Жаңалықтар

Ұлттық банк Олимпиадаға арналған жаңа коллекциялық монета шығарды

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «Спорт» сериясы аясында «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» атты жаңа коллекциялық монетаны айналысқа шығарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Номиналы 1000 теңге болатын монета 925 сынамалы күмістен жасалып, proof сапасында және түсті басып шығару технологиясымен дайындалған. Оның салмағы – 20 грамм, диаметрі – 37 мм. Таралымы шектеулі, барлығы 2000 дана ғана шығарылған.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалып, немістің MDM Münzhandelsgesellschaft mbH & Co. KG Deutsche Münze компаниясымен бірлесіп әзірленген.

Монеталардың сатылымға қашан шығатыны туралы ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады.

Айта кетейік, бұл монеталар Қазақстан аумағында номиналдық құны бойынша төлемнің барлық түрінде қабылданады, сондай-ақ банктерде шоттарға есепке алуға, айырбастауға және ұсақтауға жарамды.