Жаңалықтар

Сақ болыңыз! Алаяқтар жаңа тәсілді қолдана бастады

Соңғы уақытта Uchet.kz және Qoldau.kz сервистерінің атын пайдаланып, алаяқтар азаматтарға жалған SMS-хабарламалар таратып жатыр, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, қаскүнемдер хабарлама мәтінінде «шұғыл», «тез әрекет ету қажет» деген тіркестерді әдейі қолдану арқылы адамдарды асықтырып, қорқытып, жеке деректерін алуға тырысады. Негізгі мақсат – пайдаланушылардың есептік жазбаларына және қаржылық қаражатына қол жеткізу.

Осыған байланысты мамандар азаматтарға сақ болуды ескертеді. Ресми мемлекеттік сервистер мұндай мазмұндағы SMS-хабарламаларды ешқашан жолдамайды.

Сондай-ақ:

күмәнді хабарламаларға жауап бермеу;

ондағы сілтемелерге өтпеу;

жеке деректерді (ЖСН, логин, пароль, банк картасының мәліметтері) SMS арқылы жолдамау;

ақпаратты тек ресми сайттар мен сенімді дереккөздер арқылы тексеру қажет.

Мамандар азаматтарды жеке деректер мен қаржылық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады.