Жаңалықтар

Тұман, көктайғақ, қатты жел: Қазгидромет дауылды ескерту жасады

Бүгін еліміздің бірнеше облысында қауіпті метеорологиялық құбылыстар күтіледі, деп хабарлайды arainfo.kz

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 2 ақпанда Қазақстанның бірнеше облысында қауіпті метеорологиялық құбылыстар болжанып отыр. Осыған байланысты дауылды ескертулер жарияланды.

Дауылды ескертулер Жетісу облысында сақталады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында тұман күтіледі. Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақыттарда 23–28 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.

Түркістан облысының таулы аймақтарында түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) мен көктайғақ болжанады. Сондай-ақ облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Желдің екпіні кей жерлерде 15–20 м/с-ке жетеді.

Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында қар және жаяу бұрқасын, ал батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман болжануда. Өскемен қаласында түнгі және таңғы уақытта тұман болады.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде көктайғақ, сондай-ақ облыстың басым бөлігінде тұман болжанады. Қызылорда қаласында кей уақытта көктайғақ пен тұман болады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Қостанай қаласында да тұман болады.

Алматы облысында жел бағыты өзгеріп, күндіз облыстың шығысында екпіні 15–20 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Петропавл қаласында да тұман болжануда.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде көктайғақ, ал бірқатар аудандарында тұман болады. Орал қаласында көктайғақ пен тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде қар мен бұрқасын, солтүстігі мен шығысында тұман болжанады. Желдің екпіні кей жерлерде 15–20 м/с-ке жетеді.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман мен көктайғақ күтіледі. Қарағанды қаласында да осыған ұқсас жағдай сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында және оңтүстігінде тұман мен көктайғақ болжанады. Жезқазған қаласында да қолайсыз ауа райы күтіледі.

Маңғыстау облысының батысы мен орталығында түнде көктайғақ, сондай-ақ облыстың бірнеше бөлігінде тұман болады. Ақтау қаласында түнгі уақытта көктайғақ пен тұман күтіледі.

Атырау облысының батысы мен солтүстігінде түнде көктайғақ, ал облыстың басым бөлігінде тұман болжануда. Атырау қаласында кей уақыттарда тұман болады.

Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Кей уақытта тұман түсіп, жел екпіні 15–20 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін. Тараз қаласында да тұман болжанады.

Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын күшейтіп, жол қозғалысы кезінде ерекше мұқият болуға шақырады.