Жамбыл жаңалықтары

Аймақ басшысы азаматтарды қабылдады

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Кездесу барысында өндіріс пен ауыл шаруашылығына жер бөлу, тұрғын үй, білім беру, медицина, жұмыспен қамту мәселелері, сондай-ақ жеке сипаттағы ұсыныс-пікірлер көтерілді.

Ербол Шырақпайұлы азаматтардың сауалдарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап берді.

Қабылдау қорытындысында жауапты тұлғаларға көтерілген түйткілдерді жан-жақты зерделеп, кезек күттірмейтін өтініш-тілектер бойынша тиісті шешімдер қабылдау тапсырылды.

           Облыс әкімінің баспасөз қызметі