Жаңалықтар

Жаңа Парламент құрарда артық шығындар мен процедуралық тығырықтан бас тарттық – Елнұр Бейсенбаев

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Конституциялық комиссияның V отырысында жаңа Парламентті құрудың үш маңызды аспектісі туралы айтып берді және Құрылтай мен Халық Кеңесі қызметтерінің ара-жігін айқындап берді.

Депутат Конституцияны абстрактілі ұғымдармен көмкеріп, тым күрделіндіріп жібермеу маңызды екенін атап өтті.Конституция – теория емес. Ол – нақты ережелер жиынтығы. Мемлекет күнделікті соған сүйеніп жұмыс істейді, шешімдер қабылдайды, халықтың әл-ауқаты қамтамасыз етіледі.

«Ал Құрылтай ықшам әрі ұтымды болады. Конституциялық комиссия қосымша бюджеттік шығындарға жол бермеуді барынша ескерген. Бұл – өте маңызды қадам, қоғамға берілген нақты ишара. Яғни біз «тек билік үшін көбірек билік қалыптастырудан» бойды аулақ салдық.Егер парламентарийлер санын стандартты еуропалық формулаға сүйеніп, халықтың саны немесе аумақтық қағидат бойынша есептесек, Құрылтайда 500-600 депутат болар еді. Әлемде ондай тәжірибе бар. Бірақ Комиссия саналы түрде басқа жолды таңдады − депутат санын көбейтпей, керісінше, оңтайландырды», - деді Елнұр Бейсенбаев. 

Екінші аспект – процедуралық тығырықтанжәне биліктің шамадан тыс қат-қабат болуынан бас тарту. Әлемдік тәжірибе үлкен парламент − әрдайым қуатты парламент бола бермейтінін көрсеткен. Көбіне ол заң шығару ісін тежейді. 

Мәселен ұзақ уақыт бойы Италия парламенті Еуропадағы ең ауқымдыпарламенттердің бірі болды (төменгі палатада 630 депутат). Бұл апатты бюрократияға әкеліп,заңдардың қабылдануын бірнеше жылға созған. Нәтижесінде 2020 жылы бұл ел батыл қадам жасап, депутаттардың үштен бір бөлігін (400-ге дейін) қысқартты.  

Үшінші аспект – Халық кеңесінің қайталаушы емес, теңгерімді сақтайтынинститут ретіндегі рөлі. Халық КеңесіҚұрылтайдың баламасы емес және онымен бәсекеге түспейді. Ол – тұрақты қызмет ететін консультативтік орган, мемлекет пен халық арасындағы алтын көпір.