Жаңалықтар

Ел болашағы үшін айрықша маңызға ие Конституциялық реформаны бүкіл жұрт болып пысықтап жатырмыз

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов реформаға қатысты ойымен бөлісіп, Құрылтай мен Халық Кеңесінің жұмысындағы айырмашылғы жайлы айтты.

Депутаттың айтуынша, преамбула мәтінінде көрініс табуы тиіс ұсыныстардың ішінде болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік пен оның мүддесі туралы арнайы норма қарастырылған. 

Ізмұхамбетовтің тағы бір тоқталып кеткен бағыты – Құрылтай мен Халық Кеңесінің конституциялық мәртебесіне және олардың функционалына қатысты.