Жаңалықтар

Халық кеңесі Қазақстан азаматының әрбір сөзі ескерілетін ерекше платформаға айналады

Конституциялық комиссияның бесінші отырысында жүйелі диалогтың орнықты алаңына айналуға тиіс Халық кеңесін құру жөніндегі бастамалар талқыланды.

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы Владимир Бубенконың айтуынша, жаңа органның қызметі қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға, ашық талқылау және шешімдерді бірлесіп іздеу мәдениетін дамытуға бағытталған.

Ол Халық кеңесін құру конституциялық реформаның рухы мен логикасына сәйкес келетінін атап өтті. Бұл нормалар тіпті қоғамды мемлекеттік басқару процестеріне кеңінен тартудың құқықтық негізіне айналды.

Сондай-ақ, спикердің айтуынша, конституциялық құндылық ретінде табиғатқа ұқыпты қарау мәселесі де ерекше маңызға ие.

Сонымен қатар, Владимир Бубенко ХалықКеңесінің Қазақстан халқы ассамблеясының этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, ішкі саясат пен мемлекеттік идеология бойынша ұсыныстар дайындау жөніндегі функцияларын өз мойнына алатынына да тоқталды.