Серік Егізбаев: «Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев реформаның негізін құрайтын үш стратегиялық тіректі белгілеп берді.
Ең алдымен, депутаттың пікірінше, жаңа конституциялық редакцияға сәйкес, Құрылтайдың заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган болып бекітілгені – бұл заң шығару процесіндегі артық бюрократияны, палаталар арасындағы ұзақ келісімдер мен кедергілерді жояды және халықтың билікке тікелей қатысуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, Серік Егізбаевтың пікірінше, партиялық тізім - кәсібилік пен саяси мәдениеттің кепілі.
Ал Халық Кеңесіне келгенде ол бұл органның құзыреті бұрынғы Қазақстан халқы Ассамблеясы ие болған мүмкіндіктерден әлдеқайда кең және пәрменді екенін жеткізді.