Жаңалықтар

Таразда асыранды балаларға күш қолданған Зүлфия Төленова қамауға алынды

Жамбыл облысының Полиция департаменті асыранды балаларға қатысты зорлық-зомбылық дерегі бойынша соталды тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі (Қинау) және 140-бабы 3-бөлігі (Екі немесе одан да көп кәмелетке толмағанға қатысты тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша соталды тергеу амалдары басталды.

Ресми мәліметке сәйкес, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Апалы-сіңлі Назгүл мен Құндыз күдіктінің үйінен №5 Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына көшірілді. Қамқорлығындағы өзге балалар да медициналық тексеруден өткізіліп, мамандандырылған мекемеге орналастырылған.

Айта кетейік, бұған дейін желіде 17 жыл бойы құлдықта болған апалы-сіңлінің бірінің қол-аяғы мен аузы скотчталған фотосы тараған еді. Кейін Құндыз өзін қамқоршысы байлап тастағанын мәлімдеді. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.