Жаңалықтар

Алтын бағасы алғаш рет 5300 доллардан асты

Жыл басынан бері бағалы металл 20 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды arainfo.kz сайты qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап

Негізгі факторлар - доллар индексінің төмендеуі мен геосаяси ауытқулар. 

Америкалық валюта 4 жылдағы ең төменгі деңгейге дейін арзандады. Сонымен қатар алтын бағасының өсуіне АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс те ықпал етіп отыр. 

Айта кетейік, инвесторлардың сұранысы долларға емес, алтын мен күміске артқан.