Жаңалықтар

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ауысты

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

 

Айта кетейік, ол бұрын еңбек министрінің бірінші вице-министрі болған.

Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

«Нұр» Ақтөбе менеджмент, бизнес және құқық институтын, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының өнеркәсіп, көлік, байланыс, құрылыс және коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі II санаттағы маман болып бастаған.

2000-2014 жж. банк саласында әртүрлі қызметте жұмыс істеді.

2014-2021 жж. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің бас сарапшысы, басқарма бастығы, директордың орынбасары, Стратегиялық талдау және даму департаментінің директоры.

2021-2022 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚР Қауіпсіздік кеңесі Талдау бөлімінің сектор меңгерушісі.

2022-2023 жж. –  ҚР Үкіметі Аппараты Экономикалық бөлімінің меңгерушісі.

2023 жылғы 10 шілдеден бастап ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

2024-2025 жж. — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2025 жылғы 9 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі.