Асырап алынған Назгүл мен Құндыздың оқиғасы: полиция қылмыстық іс қозғады
Әлеуметтік желіде 17 жыл бойы құлдықта болған апалы-сіңлілердің бірінің қол-аяғы байланып, жерде қимылсыз жатқан фотосы тарады, деп хабарлайды arainfo.kz
Желіде кеңінен талқыланған жағдайдың мән-жайын анықтау үшін танымал журналист Руслан Өтепбай Таразға арнайы келіп, зерттеу жұмысын бастады.
Журналист Назгүл мен Құндыз тұрған үйге барып, Құндыздың өзінен суреттегі жағдайға кімнің қатысы бар екенін сұрады. Құндыз оны қамқоршысы Зүлфия Төленова байлағанын айтып, бұл деректі растады.
Видео барысында Руслан Өтепбайдың келген сәтінде Құндыздың қатты қорқып, жылап қалғаны байқалады. Журналист полиция қызметкеріне оқиғаның мән-жайын түсіндіріп, әрекетке құқықтық баға беру қажеттігін атап өтті.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы (Азаптау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шараларының кешені жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері осы іске қатысты барлық мән-жайларды мұқият анықтап, зерделеп жатыр. Толық әрі жан-жақты тергеп-тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қатаң сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады.