Серік Сәпиев орынбасарынан «таяқ жеді» деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев әлеуметтік желіде тараған дау-дамайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды arainfo.kz
Бұған дейін желіде оның орынбасары Дәурен Есімхановтан соққы алды деген ақпарат пен бейнежазба жарияланған болатын.
Сәпиевтің айтуынша, ол мемлекеттік қызметкер ретінде этикалық нормаларды қатаң сақтайды және рингтен тыс жерде ешқашан күш қолданбаған.
