Білгім келген бір сұрақ?

Қандай режим таңдаған тиімді?

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енгенін еске салады. Жаңа кодекс бойынша үш арнаулы салық режимі қарастырылған.

Тарқата айтсақ, үш арнаулы салық режимінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға арналған, оңайлатылған декларация негізіндегі, сондай-ақ шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимдері бар. Аталған арнаулы салық режимдеріне қатысты жаңалықтар жайында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Арнаулы салық режимін әкімшілендіру басқармасының басшысы Шыңберген Ерқанат Мемлекеттік кірістер комитетінде арнайы ұйымдастырылған баспасөз конференциясында егжей-тегжейлі айтып берді.

Алдымен оңайлатылған декларация негізіндегі салық режиміне көшу мәселесін сөз етсек, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданғысы келетін кәсіпкерлер 2026 жылғы 1 наурызға дейін хабарлама беруі керек. Бұл хабарлама салық төлеушінің қандай салық режимін таңдайтынын көрсетеді. Егер хабарлама уақытында берілмесе, яғни 1 наурызға дейін ұсынылмаса, салық төлеушілер автоматты түрде жалпыға бірдей салық салу тәртібіне көшеді.

Қорыта айтқанда, 2026 жылдан бастап салық жүйесінде үш жаңа арнаулы режим енгізіліп, кәсіпкерлер мен фермерлерге салық төлеу тәртібі жеңілдетілді. Салық төлеушілер өздеріне қолайлы режимді дұрыс таңдап, уақытында хабарламаларын берген жағдайда ғана барлық жеңілдіктерді пайдалана алады.

Нұрым СЫРҒАБАЕВ