Жаңалықтар

Жамбыл облысында ауа райына байланысты жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді

Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп абарлайды arainfo.kz

2026 жылдың 22 қаңтары күні сағат 14:30-дан бастап Жамбыл облысының аумағында ауа райы жағдайының күрт нашарлауына (қар, боран, көру қашықтығының шектелуі) байланысты «Тараз – Шымкент» автожолының 534–593 шақырым аралығы, атап айтқанда Айша бибі ауылы – Түркістан облысының шекарасы учаскесінде жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Жамбыл облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын мұқият назарға алуға, жылдамдықты асырмай арақашықтықты сақтауға, алыс жолға шықпауды, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінен берілетін хабарламаларды қадағалап отыруға шақырады.