Тұрақтандыру қорының жұмысы тұрақты
2025 жылы тұрақтандыру қоры тарапынан бағаны тұрақтандыру мақсатында қала аумағындағы бірқатар ірі сауда желілеріне тауарлық интервенциялар жүргізілді. Атап айтқанда, «Firkan», «Дәмді себет», «Нұрислам», «Даниял даму», «Асмол», «Оптовик», сондай-ақ «Әлеуметтік дүкен» желілеріне, ұсақ дүкендерге жалпы сомасы 240 миллион теңгені құрайтын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) жеткізілді.
Тұрақтандыру қоры есебінен «Әлеуметтік павильондар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жалпы құны 88,4 миллион теңгені құрайтын тауарлық интервенция жүргізді (картоп – 176 тонна (130 теңге), сәбіз – 17,8 тонна (95 теңге), қырыққабат – 30 тонна (130 теңге), жұмыртқа – 220 640 дана (50 теңге), күнбағыс майы – 50 860 литр (750 теңге), күріш – 1 тонна (295 теңге); қант – 73 тонна (365 теңге), ас тұзы – 0,2 тонна (40 теңге), 1 сұрыпты ұн – 0,1 тонна (200 теңге).
Сонымен қатар әлеуметтік павильондарда басқа да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтық бағадан төмендетілген бағамен сатылды. Нан – 90 теңгеден, рожки – 260, қарақұмық жармасы – 200, сары май – 1 580, тауық еті – 1200, сүт – 325, айран – 375, сүзбе – 1 420, пияз – 85 теңгеден саудаланды.
Жалпы алғанда әлеуметтік павильондар жобасы өңір тұрғындарын қолжетімді бағада сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып отыр.
Сонымен қатар статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2025 жылдың басынан бері күріштің бағасы 428 теңгеден 366 теңгеге, картоптың бағасы 191 теңгеден 165 теңгеге, қырыққабаттың бағасы 147 теңгеден 140 теңгеге төмендегені байқалды.
Сондай-ақ жыл басынан бері халықтың азық-түлікке деген сұранысын қанағаттандыру және бағаны тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкеге тұрақтандыру қоры тарапынан көкөністер арзандатылған бағамен шығарылды. Яғни 54 тонна картоп, 33 тонна пияз, 17 тонна сәбіз, 5 тонна қырыққабат сатылды.
Назым ЕРГЕМБАЙ,
«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»
акционерлік қоғамы өңірлік
тұрақтандыру қорын басқару
департаментінің жетекші маманы