Елімізде Халық Кеңесі институты құрылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында Қазақстанда жаңа мемлекеттік орган – Халық Кеңесін құруды ұсынды, деп хабарлайды arainfo.kz
Президенттің айтуынша, бұл орган елдегі ең жоғары консультативтік құрылым болады.
Халық Кеңесі Қазақстан халқы ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық сабақтастығын сақтап, қазақ мемлекеттілігі мен Тәуелсіздікті нығайтуға бағытталады. Кеңес құрамына барлық этностар, әлеуметтік топтар және өңірлердің өкілдері енеді.
Кеңесті 126 адам құрайды:
– 42 өкіл – этномәдени бірлестіктерден,
– 42 өкіл – ірі қоғамдық ұйымдардан,
– 42 өкіл – мәслихаттар мен өңірлік қоғамдық кеңестерден.
Кеңес мүшелерін Президент тағайындайды, ал төрағаны Кеңес мүшелері сайлайды. Төрағаның екі орынбасары мен хатшылық жетекшісі болады.