Жаңалықтар

Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтайдың отырысы басталды

Қызылордада Ұлттық құрылтайдың V отырысы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды arainfo.kz

Құрылтайдағы талқылауға мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес және сараптамалық қауымдастық өкілдері, сондай-ақ өңірлердегі қоғамдық кеңестердің мүшелері қатысты.

Жиынның ашылуында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин сөз сөйлеп, Бурабайда өткен алдыңғы отырыстың қорытындыларын таныстырды. Бұдан кейін алғашқы сөз Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновқа берілді.