«Астана» ақы алу пунктінде жүргізуші рөлде ұйықтап кетіп, қоршауға соғылды
Бүгін, 20 қаңтар күні таңғы сағат 09:00 шамасында Астана – Щучинск автожолы бойындағы «Астана» ақылы алу пунктінде жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды arainfo.kz
Алдын ала мәлімет бойынша, Volvo маркалы жүк көлігі бетон қоршауға соғылған. Оқиғаға жүргізушінің рөлде ұйықтап кетуі себеп болғаны айтылуда. Абырой болғанда, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Қысқы кезеңде жолдағы қауіпсіздік талаптарының маңызы арта түседі. Ұзақ сапар, шаршау мен ұйқының қанбауы жүргізушінің зейінін төмендетіп, жол апатына әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты жүргізушілерге шаршаған күйде көлік басқармау, әр 2–3 сағат сайын аялдап демалу, жылдамдық режимін сақтап, қауіпсіз арақашықтықты ұстану ескертіледі. Әсіресе ақы алу пункттерінен кейінгі жол учаскелерінде қозғалыс қарқыны күшейетінін ескеру қажет.