Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтайдың пленарлық отырысы өтеді
Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады.
20 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен V Ұлттық құрылтайдың пленарлық отырысы өтеді. Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінен делегат ретінде келген құрылтайдың 110 мүшесі қатысады.
Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:
2022 жылы – Ұлытауда;
2023 жылы – Түркістанда;
2024 жылы – Атырауда;
2025 жылы – Бурабайда өтті.