Жаңалықтар

«Даланың дауысын жеткізген дара тұлға» атты жыр экспедициясы өтті

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Даланың дауысын жеткізген дара тұлға» атты жыр экспедициясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды arainfo.kz

Рухани шара аясында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың өмір жолы мен бай шығармашылық мұрасы кеңінен насихатталды. Кездесу барысында оның халық жадындағы айрықша орны, қазақ поэзиясындағы дара болмысы тереңінен сөз болды. Қатысушылар ақынның жалынды жырларынан үзінділер оқып, ұлттық рухты, сайын даланың сырлы үнін сезінді.

Жыр экспедициясы — ұлы тұлғаның өшпес мұрасын кейінгі ұрпаққа аманат етіп жеткізуді көздеген тағылымы мол рухани кездесу болды.

Ұлт руханиятының темірқазығы болған Жамбыл жыры — мәңгілік мұра!