Дін

Этносаралық және дінаралық келісім – бәріміздің мүддеміз

174-бап – әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру

Бұл бапқа жатады:

Ксенофобия – өзге ұлтқа, мәдениетке немесе бөтен деп қабылданатын адамдарға қатысты қорқыныш, өшпенділік пен жеккөрушілік көзқарас.

Тілдік кемсіту – адамның қай тілде сөйлейтініне байланысты оны төмендету, шектеу, қорлау немесе қоғамнан шеттету.

Этностарды қарсы қою – қоғамды «біз» және «олар» деп бөліп, бір этносты екіншісінен артық немесе кем етіп көрсету арқылы араздық тудыру.

Бір ғана пост немесе сөз қоғамдағы тұрақтылыққа әсер етуі мүмкін – сондықтан жауапкершілік әрқайсымызда.

Осы баптың зардабы –  2000-7000 АЕК (бір айлық есептік көрсеткіш – 4 325 теңге) мөлшеріндегі айыппұл салуға не екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге/айыруға жазаланады.

Тіл – көпір, араздық емес

“Тіл туралы” Заң бізге үйретеді: тіл – қару емес, көпір.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде немесе қоғамдық орында тілдік мәдениетті сақтау – әрқайсымыздың мәдени жауапкершілігіміз.