Жаңалықтар

Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді

Ертең, 20 қаңтар күні Қызылордада Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті.

«Сыр бойындағы жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады», – деп жазды Руслан Желдібай.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары мына өңірлерде өтті:

2022 жылы – Ұлытауда;

2023 жылы – Түркістанда;

2024 жылы – Атырауда;

2025 жылы – Бурабайда.