Жаңалықтар

Аида Балаева: Білім мен медицинадағы қаржыландыру жүйесі әділ әрі ашық болуға тиіс

Мемлекет басшысы таяуда «Түркістан» газетіне берген сұхбатында білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесін реформалау туралы атап өтті. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді.

Айтуынша, бұл ретте ең алдымен, жекеменшік мектептерді, балабақшаларды, даму орталықтарын және медициналық емханаларды «жан басына сәйкес қаржыландыру» мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.

Сонымен қатар Аида Балаева 2020 жыл мен 2025 жылдар аралығындағы инвестициялық шығын жүз он бір миллиард теңгені құрағанын алға тартты. Бұл қаражатқа шамамен отыз бес жаңа мектеп салуға болады. 

Ведомство басшысы сондықтан қазір жағдайды түбегейлі өзгерту бойынша жүйелі жұмыс басталғанына тоқталды. 

Айта кетерлігі, елімізде жиырма миллионнан астам адам алты жүз тоқсан сегіз бастапқы медициналық көмек ұйымына тіркелген. Соның үш жүз отыз алтысы, яғни шамамен қырық сегіз пайызы – жекеменшік. Оларға тіркелген халықсаны бес миллион алты жүз мың адам. Бұл – ел халқының шамамен жиырма сегіз пайызы.

Мәлімдеуінше, тіпті лицензиясыз, тиістіжабдықсыз жұмыс істеген ұйымдар да бар.

Сондай-ақ сапаны бағалайтын бірыңғаймемлекеттік жүйе жасалып, Ұлттық сапа институтын ашу жоспарлануда.