Тараздағы түзеу мекемесінен жергілікті азамат босап шықты
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінен жаза мерзімінің аяқталуына байланысты жергілікті азамат бостандыққа шықты.
41 жастағы жазасын өтеуші №2 Тараз қалалық сотының үкімі негізінде Қылмыстық Кодекстің 188-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған еді.
Бұл күні А есімді ер адамды мекеме қақпасынан шығарып салу барысында ҚАЖ қызметкерлері оған еркін өмірдегі құқықтары мен міндеттерін мұқият түсіндіріп, қайта қылмысқа бармауы жөнінде қатаң ескертті.